ЖЕМҚОРЛАР ЖАЗАДАН ҚҰТЫЛМАЙДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өңіріміздегі филиалында өткен баспасөз маслихатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облысымыздағы аумақтық бөлімшелерінің бірінші тоқсанда атқарған жұмысы қорытындыланды.