«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 21.05.2019

«ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ» – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ

  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Мемлекет басшысы ретіндегі берік ұстанымын білдірді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл-менің Президент ретіндегі берік ұстанымым!» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында шаруа қожалықтары басшыларымен болған кездесуде осылай мәлімдеді» делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барып,  жастар форумына …

«ЖЕР ШЕТЕЛДІКТЕРГЕ САТЫЛМАЙДЫ» – ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ Read More »

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Ербол Шаймерденовтің туғанына 65 жыл толуына орай “Талантына тағзым” атты еске алу кеші өтті. Шараға қатысқан зиялы қауым өкілдері, қаламгердің туыстары мен ауылдастары айтулы тұлғаның өмірі мен шығармашылығы, елімізге сіңірген еңбегі туралы әңгімеледі. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ербол Шаймерденұлының әріптесі, ақын Зейнолла Әкімжанов қаламгердің …

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҚАЛАМГЕР Read More »

САРСАҢҒА САЛҒАН СИЫР ТІЛІ

Сиыр тілін жеймін деп өз тілін жарақаттап алған әйел “Океан” сауда үйінің сатушысын сотқа берді. Сот отырысында тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубоваяның айтуынша тауардың сертификаты да, түбіртегі де болмай шыққан. Қайда әзірленгені де белгісіз. Жәбірленуші Ольга Белякова мен оқиға куәгері Виктория Барсегян ет өнімін жасаған Ольга Перфильеваның мекен жайын іздеп тапқан. – Ол …

САРСАҢҒА САЛҒАН СИЫР ТІЛІ Read More »

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

Мемлекеттік бағдарламамен үй алған облыс орталығының тұрғындары өткен жылдың желтоқсан айында берілуі тиіс баспаналарына қол жеткізе алмай келген болатын. Мердігер компания тұрғын үйге инженерлік коммуникацияны тартып үлгемегендіктен, баспананы уәделі уақытта тапсыра алмай, иелерін әуре-сарсаңға салған еді. Бүгінде көпқабатты үйге жылу, жарық, кәріз сияқты қажетті құрылымдар тартылып, 51 отбасы көптен күткен пәтерге қол жеткізді. Қала әкімдігінің …

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ Read More »

15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫНЫҢ ӨЛІМІ

Биыл мамырдың 17-де сағат 12:30-да Бурабайдағы «Звездный» балаларды сауықтыру орталығында «Алау» облыстық әскери-спорттық ойындар эстафетасы кезінде 15 жастағы мектеп оқушысы көз жұмған еді. «Эстафета кезінде Көкшетау қалалық №4 орта мектебінің 9-сынып оқушысы мәреге жетпей есінен танып құлады. Жасөспірімге бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін Щучинск қаласындағы аудандық ауруханаға жеткізілді. Ауруханада ес жимастан 13:01-де қайтыс болды», …

15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫНЫҢ ӨЛІМІ Read More »

ЛӘЗЗАТ СҮЙІНДІК АҚДМ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Сүйіндік министрлікке қарасты Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды. Ләззат Кеңесқызы 1985 жылы 26 шілдеде дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қарағанды экономикалық Қазтұтынуодағы университетін, Ұлыбританиядағы Шеффилд университетін тәмамдаған, «Болашақ» бағдарламасының стипендианты. 2005 жылы ҚР Жастар конгресінің қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері болып жұмыс істеді. 2005-2006 жж. …

ЛӘЗЗАТ СҮЙІНДІК АҚДМ АҚПАРАТ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

СУ АЙДЫНЫНДА САҚ БОЛЫҢЫЗ

Көктем айларында облысымыздың ормандарында аң, су айдындарында балық аулауды ермек ететін әуесқой адамдарды жиі кездестіруге болады. Ал бұл уақытта күн едәуір жылынғанмен, біраз өзендер мен көлдердің суы әлі суық болады.

ҮЗДІК ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР БАЙҚАУЫ

2019 жылға арналған бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі “Парыз” байқауы жарияланды. Өңірлік және республикалық деңгей бойынша екі кезеңде өтетін байқауға жеке кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік өкілдері үшін жеке аталымдар бойынша марапаттар тағайындалады. Сол сияқты байқауда “Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын”, “Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын”, “Үздік ұжымдық келісімшарт” және “Экологияға қосқан үлесі …

ҮЗДІК ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР БАЙҚАУЫ Read More »

КӨКШЕЛІКТЕР ТАРТУЫ

Өңірімізге Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері гастрольдік сапармен келді. Олар жергілікті көрермендердің назарына қырғыз драматургі Сұлтан Раевтың “О, қыздар” спектаклін ұсынды.

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ БАТЫРЛАР САУЫТЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ

Петропавлда өнер пәнінің мұғалімі, шебер Ерғали Сәткенов қазақ батырының сауытын жасады. Ерғали Сәткенов солтүстікқазақстандықтарға ағаштан түйін түйетін, темірді балшықша илейтін шебер ретінде жақсы таныс. Оның қолынан шыққан дүниелер түрлі көрмелерде көрермен көзайымына айналған. Бұл жолы ол қазақ батырлары орта ғасырларда киген салмағы 10 келіге жуық темір сауыт жасап шықты. Оған қажетті 560 пластинаның әрқайсысын қолмен …

МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ БАТЫРЛАР САУЫТЫН ЖАСАП ШЫҒАРДЫ Read More »

НАЗАРДА — ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ

Жыл сайын көктемде Петропавлдағы Жәлел Қизатов көшесі “5 Н” мекенжайындағы тұрғын үйдің жертөлесін су басады. Жауын-шашын мен еріген қар суынан зардап шегетін тұрғындар бірнеше мәрте қалалық әкімдік мамандарынан көмек сұраған. Алайда, мәселе әлі күнге дейін шешімін таппаған. “Береке” шағынауданындағы Досмұхамбетов, Северная көшелеріндегі жолдар жөндеуді қажет етеді.

БІР ЖАРЫМ ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР РЕВОЛЬВЕР ТАБЫЛДЫ

Петропавл қаласының тұрғыны полицияға 1865 жылы шығарылған көне револьверді тапсырды. Облыстық полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, қару 1865 жылы жасалған Webley №2 «Бульдог» маркалы револьвері болып шықты. Ер адамның айтуынша, ерекше олжаны ол қала маңындағы Мещан орманынан тауып алған. Қару атуға жарамсыз деп танылды. Петропавлдыққа 30 мың теңгедей өтемақы төленетін болады. Тағы бір көне …

БІР ЖАРЫМ ҒАСЫРЛЫҚ ТАРИХЫ БАР РЕВОЛЬВЕР ТАБЫЛДЫ Read More »

ҰМЫТЫЛМАС ӘСЕРГЕ БӨЛЕДІ

Жастар сарайында Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің “Ұлы дала әуендері” атты концерті өтті.  Жиырма жылға жуық сахна төрінде көрермендердің көзайымына айналған Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестірінің кезекті концертін тамашалауға келген жұртшылық тамаша кештің куәсі болды. Тағы бір белесті артқа тастап, маусымды қорытындылаған шығармашылық ұжым қызылжарлықтарды өнерімен тамсандырды. Ұлттық әуен ғана емес, …

ҰМЫТЫЛМАС ӘСЕРГЕ БӨЛЕДІ Read More »

БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бағбан Тайымбетов Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып тағайындалды.  “Мемлекет басшысының келісімімен Қазақстан Бас прокурорының 2019 жылғы 20 мамырдағы бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры болып 3-санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бағбан Тайымбетов тағайындалды”, – делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарламасында. Б.Тайымбетов 1963 жылы дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған. Прокуратура органдарында қызметін …

БАҒБАН ТАЙЫМБЕТОВ ОБЛЫС ПРОКУРОРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Read More »

ӘН ҚАЛЫҚТАП, КҮЙ КҮМБІРЛЕДІ

Облыстық филармонияда қазақ ән өнерін асқақтатқан “Ән салдырған, тамсандырған – Қызылжар” атты фестиваль өтті.  Ақан сері, Біржан сал, Сегіз сері мен өзге де замана бұлбұлдарының әндері шырқалған шарада күй күмбірлеп, домбыра дәріптелді. Өнер десе ішер асын жерге қоятын жергілікті орындаушылар ұрпақ сабақтастығының айнымас үлгісін көрсетіп, дара дарындардың шығармашылығын насихаттауға үлес қосты. Фестиваль барысында өнерпаздар ән …

ӘН ҚАЛЫҚТАП, КҮЙ КҮМБІРЛЕДІ Read More »

ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының бір аптасы қорытындыланды. Президенттікке кандидаттар мен олардың сенім білдірілген адамдары өңірлерді аралап, сайлауалды тұғырнамаларын таныстырды.

ДИҚАНДАРДА ДАМЫЛ ЖОҚ

Облыс диқандары көктемгі егіс жұмыстарын абыроймен аяқтауға ниетті. Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы өкілдері алқапқа алғашқылардың бірі болып дән сіңірді. Жергілікті диқандар алқаптың 19,7 мың гектарына, яғни 5,5 пайызына тұқым сеуіп үлгерді.

ЖОЛ САПАСЫ — ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында салынып жатқан жолдардың сапасын қатаң бақылау, мердігер компаниялардың жауапкершілігін арттыру, шамадан тыс жүк тиелген көліктерге жүруге тосқауыл қою және жазғы сауықтыру лагерьлерін сенімді басқаруға беру жайы қаралды.

САХНА ШЫРАЙЫ

Петропавлдағы Жастар сарайында “Арай” халықтық би ансамблінің есеп беру концерті өтті. Өнер ұжымының концертін тамашалауға келгендердің қатары қалың болды.

МЕДЕТ САЛҒАН ӘН ҚАНДАЙ!

Біздің өңірімізде әншілік өнерді жанына серік етіп, тыңдарманның ыстық ықыласына бөленіп жүрген жастар аз емес. Таудай талабымен, табиғи дарынымен, ізденімпаздық қасиетімен танылып келе жатқан өнерпаздың бірі – Медет Ибатуллаев. Жақында әншімен кездесіп, шығармашылық жолы, алдағы жоспарлары жайлы сұхбаттасқан едік.