«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САРСАҢҒА САЛҒАН СИЫР ТІЛІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сиыр тілін жеймін деп өз тілін жарақаттап алған әйел “Океан” сауда үйінің сатушысын сотқа берді.

Сот отырысында тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубоваяның айтуынша тауардың сертификаты да, түбіртегі де болмай шыққан. Қайда әзірленгені де белгісіз.

Жәбірленуші Ольга Белякова мен оқиға куәгері Виктория Барсегян ет өнімін жасаған Ольга Перфильеваның мекен жайын іздеп тапқан.

– Ол өнімді цехта емес 5 жыл бойы үйде жасап жүргенін, ешқандай қорқынышты жағдай орын алмағанын айтты, – деді сот отырысында Виктория Барсегян.

Сатушы Татьяна Штунгер болса ет өнімін жасаған әйел тауарды жеткізу жұмысымен айналыспайтынын, сиыр тілінің бір тілімін жеке өтініші бойынша әкелгенін жеткізді.

Жәбірленуші Ольга Белякова денсаулығына байланысты сот отырысына қатыспады. Ол болған оқиғадан кейін түрлі медициналық тексерістерден өтіп, шығындалғандықтан, жауапты тараптан жарты миллион теңгенің өтемақысын талап етуде. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp