ҚҰНДЫЛЫҚТАР ҚАЙНАРЫ
Жазушы Мұхтар Әуезов бір еңбегінде: “Ғылым мен мәдениет – барлық дүниенің алтын алқасы”, – деп аталмыш салалардың адам өмірінде ерекше орын алатынын айтыпты. Қаламгердің бұл сөзі өзектілігін жоймақ емес.
Жазушы Мұхтар Әуезов бір еңбегінде: “Ғылым мен мәдениет – барлық дүниенің алтын алқасы”, – деп аталмыш салалардың адам өмірінде ерекше орын алатынын айтыпты. Қаламгердің бұл сөзі өзектілігін жоймақ емес.
Петропавл қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Төтенше жағдай түс кезінде Хименко көшесінің бойында орналасқан бесқабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында орын алды. Өртсөндірушілер оқиға орнына жеткенде қою түтін жоғары қабаттарға жайылып үлгеріпті. Құтқару амалдарына көшкен газ-түтіннен қорғау қызметінің құтқарушылары бірден жоғары көтерілді. Осылайша, бөлім қызметкерлері үшінші және бесінші қабаттардағы пәтерлерден 68 және 90 жастағы …
“Өмір өтіп барады, ғұмыр ағып, Бірі өшіп көңілден, бірі қалып… Жарық нұрға жанымды жетелеші, Уысынан уақыттың жұлып алып”. Бұл – өлеңнің құшағында тербелген, жанын жарық нұрға малған жерлесіміз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Тоқтар Зікіриннің кестелі шумағы.
Айыртау ауданы – қазақтың әншілік, ақындық өнерін құстың қос қанатындай тең ұстап, үлкен атақ пен абыройға ие болған Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Орынбай сынды қырандар, ғылым мен білімнің шамшырағы – Шоқан Уәлиханов сияқты дүлдүл дүниеге келген қасиетті аймақ. Жуырда тарихи-мәдени ескерткіштерге бай киелі жерді аралап қайтудың сәті түсті.
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де академик Ғазез Тәшеновтің туғанына 90 жыл толуына орай “Жаратылыстану және ауыл шаруашылығы саласындағы ғылым мен білім берудің өзекті мәселелері” атты VII халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Қоғамдық тәртіпке жауапты полицейлер өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, қиын жағдайға тап болған азаматтарға қол ұшын созады. Облыстық полиция департаментінің басшылығы ерлік танытып, адамдарды құтқарған тәртіп сақшыларына құрмет көрсетті.
Қызылжар ауданының орталығы – Бескөлдегі “Құлагер” ипподромында ат жарысы маусымы ашылды. Додаға өңіріміздің әр ауданынан және Ақмола облысынан 40-қа жуық тұлпар қатыстырылып, жорға, құнан жарыстарда, ұшқыр және аламан бәйгеде сынға түсті.