«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАСТАР ЖАЗА БАСПАСЫН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласының тұрғыны аулада тұрған көлігінің жоғалғанын көріп, “102″ телефонына қоңырау шалды. Патрульдік полицейлер қала көшелерінде жүйткіген автокөлікті тоқтатып, оны облыс орталығындағы колледждердің бірінде оқитын студенттің айдап әкеткенін анықтады. Студент көлікпен серуендегісі келгенін, сондықтан осындай әрекетке барғанын айтып ақталған. Жеткіншектің әкесі екінші тараппен өзара келісімге келгендіктен, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмады, алайда, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 127-бабы, яғни “Ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамау” бойынша көзделген айыппұлды төледі. Бұл жастардың тарапынан орын алатын оқиғалардың бірі ғана. Қалалық ювеналдық полиция қызметкерлері М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-дің студенттерімен кездесіп, құқықтық сауаттылықты арттырып, тәртіпбұзушылықтардың алдын алу тақырыбында  әңгіме өрбітті. Кездесуде полицейлер заңсыз әрекетке жол бергендер жазадан құтылмайтынын, синтетикалық есірткілерді пайдалану мен таратату болашаққа балта шабумен тең екенін айтты.

(Сурет yandex.kz сайтынан алынды)

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp