Тайынша ауданындағы “Степноишим тәжірибе стансасы” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі дәнді дақылдардың – 28, ал майлы дақылдардың 80 пайызын сеуіп үлгерді. Бұл көрсеткішке танап басындағы 18 егістік кешенінің көмегімен қол жеткізілген. Серіктестік директоры Павел Рафальскийдің айтуынша, бүгіндері 14 мың гектарға бидай, 500 гектарға арпа, 5,8 мың гектарға майлы дақылдар себілуде. Агроқұрылым мамандары бір аптадан кейін 2,5 мың гектарға соя егуге кіріспек. – Өткен жылы бидайдың өнімділігі гектарына – 20 центнерді, ал жасымықтың берекелiгi гектарына 14-15 центнердi құрады. Рапс гектарының шығымдылығы 27 центнерге жетіп, оның әр тоннасы 130 мың теңгеге сатылған болатын. Биыл соядан да мол өнім күтіп отырмыз. Жауапты науқанға қажетті жанар-жағармайдан ешқандай тапшылық жоқ. Алдағы уақытта жұмысты жағдайға қарай екі ауысыммен ұйымдастыратын боламыз. Алдағы он күннің ішінде егіс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз, – дейді Павел Брониславович.
(Сурет yandex.kz сайтынан алынды).