Соңғы үш жылда облыста 1900 шақырым жол жөнделіп, 128 ауылдағы жолдың сапасы жақсарды. Тек биылдың өзінде 705 шақырым жол жөнделмек. Дегенмен, кейбір жолдардың сапасы сын көтермейді.
Биыл «Жаңажол» және «Қарақоға» бақылау-өткізу бекеттерінде қайта жөндеу жұмыстары аяқталмақ. Алдағы уақытта «Қызылжар» және «Бидайық» бекеттерінде де жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сөйтіп, 4 шекара бекетіндегі жол инфрақұрылымы жақсара түседі. Шекаралық өткелді жөндеу жұмыстарының нәтижесінде автокөлік кептелісі азайтылмақ.
Облыс арқылы республикалық маңызы бар 1468 шақырым жол өтеді. Биыл тозығы жеткен жолдарды жөндеуге ел бюджетінен 18,8 млрд. теңге бөлінген. Былтыр «Петропавл – Қорған» тас жолында басталған күрделі жөндеу жұмыстары биыл жалғасын тауып, тағы 60 шақырым жол ретке келтірілмек.