«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МАҢЫЗДЫ НАУҚАННЫҢ МӘНІ ЗОР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына дайындық қызу жүргізілуде. Осы жолғы  саяси науқанда   402 506 солтүстікқазақстандық  өз таңдауын жасайды.

Қазіргі таңда облысымыз бойынша   663 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.  Маңызды саяси науқан алдында сайлау комиссияларының босатылған 33 мүшесі арнайы оқытудан өтті. Ал сайлау комиссияларының төрағалары, оның орынбасарлары мен хатшылары үшін семинар ұйымдастырылған.  Алдағы уақытта осындай семинар барлық аудандарда өтетін  болады. 
– Мүмкіндігі шектеулі жандардың  дауыс беруі үшін қолайлы жағдай жасалады. Барлық сайлау учаскелеріне қоларбамен  кіріп-шыға алатындай кабинка қоямыз. Бірінші қабатта орналасқан сайлау учаскелеріне пандус орнатылды. Сонымен қатар, жабық түрдегі әскери және медициналық ұйымдарда 12 сайлау учаскесі жұмыс істейді, – деді облыстық сайлау комисиясының төрағасы Ерболат Бекшенов.
Жалпы сайлау күні  учаскелерде 4 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Бүгінгі таңда өңірімізге Норвегия және Италиядан халықаралық бақылаушылар   келіпті. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp