Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында роботталған қоспажем зауыты іске қосылды. Жаңа кәсіпорынның ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов және “Kazmeal” компаниясының бас директоры Дина Өтебаева қатысты.
Зауыттың қуаттылығы – 360 мың тонна өнім. Жалпы инвестиция көлемі 4 млрд. теңгені құрайтын зауытқа шетелдік инвестиция да тартылған. Зауытта 76 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпорын соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған. Олпардың көмегімен бидайды терең өңдеп, қоспажем алуға болады. Кәсіпорынның басты ерекшелігі – қаптар робот жүйесі арқылы артылады. Аталмыш қондырғы “Siemens” компаниясының жүйесі бойынша жұмыс істейді.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.