«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавл қаласында гір спортынан ел чемпионаты өтті. Қазақстанның барлық өңірлерінен және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жиналған 140 спортшы 7 салмақ бойынша өзара күш сынасты.

Ерлер бәсекесі аса тартысты болды. Қызылжар өңірінің өкілі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Артем Головин 32 килолық гірді  129 рет көтеріп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Жерлесіміз, әлем чемпионы  Виталий Диденко  95 кило салмақта абсолютті жеңімпаз атанды.

Әйелдер арасында елордалық Ақмарал Зұпар 10 минуттың ішінде 24 килограмдық гірді 164 рет көтеріп, өз салмақ дәрежесі бойынша жарыстың биік тұғырына көтерілді. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, петропавлдық Мария Науменко жұлқи көтеруде рекордтық көрсеткіштен асып түсті.

Жарыс қорытындысы бойынша қостанайлықтар жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды. Алаң иелері екінші болса, шығысқазақстандықтар үшінші орынға жайғасты.

Сайыс жеңімпаздары Франция мен Сербияда өтетін Еуропа және әлем біріншіліктеріне қатысу құқығына ие болады.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp