«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨРТЕНГЕН ДҮКЕНДІ МАМАНДАР ҮШ САҒАТ БОЙЫ СӨНДІРДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданының орталығы Саумалкөлде құрылыс материалдарын сататын дүкен өртеніп, мамандар үш сағат бойы жалынмен алысты.СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саумалкөл елді мекенінің Янко, 37 көшесінде орналасқан «Мегастрой» дүкені кешекешкі сағат 05-тер шамасында отқа оранған.  Оқиға орнына ауданның өрт сөндірушілері, Арықбалық ауылыныңжәне Айыртау элеваторының  өрт сөндіру бекеттері жұмылдырылды. Барлығы 8 техника мен 34 адам жұмыс істеді. «Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде дүкеннен қою қара түтін шығып, лапылдап жанып жатты. Өртті сөндіру қиынға соқты. Себебі, бояу, құрылыс материалдары секілді жанғыш заттар көп болды. Әрі өрт шыққандығы жөнінде хабар кеш берілген. Сондай-ақ ғимараттың металлсайдингпен, сендвичпанельмен қапталуы да отты тез сөндіруге кедергі келтірді», – дейді өрт сөндірушілер.   Өрт үш сағаттың ішінде толық сөндірілді. Қасында орналасқан мейманхана ғимаратына жалынның таралуына жол берілген жоқ. Өрт шарпыған аумақ – 898 шаршы метр. Қазіргі уақытта өрттің неден шыққаны және келген шығын анықталып жатыр. 

 www.inform.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp