«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЕКІ БАЛАНЫ ҰШАҚПЕН ТЕГІН АЛЫП ЖҮРУГЕ БОЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жазғы демалыс кезінде балаларға тегін әуе сапары қалай жолға қойылғалы отырғанын мәлім етті.«Біз қазіргі уақытта осы бағыттағы мемлекеттік бағдарламаны енгізіп жатырмыз. Содан кейін оның бекітілуін күтіп, туристік бағыттағы заңға енгіземіз. Бұл – өте пайдалы жұмыс. Мәселен, егер бұл заң күшіне енсе, әуе сапарына шыққан бір адам өзі үшін билетті сатып алып,15 жасқа дейінгі екі баласын тегін апара алар еді», – дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Сонымен қатар, ол өз сөзінде бұл өзгерістер тек ел ішіндегі рейстерге қатысты екенін атап өтті. «Біздің отандастарымыз шетелге демалуға ұшып кетпеуі үшін осы жұмысты қолға алып жатырмыз. Сонда ғана ақшамыз ел ішінде қалар еді. Шартты түрде айтқанда біз 1 теңге жұмсап, 6,5 теңгені үнемдеп қалар едік», – дейді министр. Еске сала кетсек, Арыстанбек Мұхамедиұлы кеше Үкімет отырысында «1+2» схемасымен (бір ата-ана үшін екі бала) «KIDS GO FREE» қағидаты бойынша балаларға арналған тегін авиамаршруттарды субсидиялау жоспарланып отырғанын хабарлаған еді. 

www.inform.kz

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp