«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 23.05.2019

ЛАУАЗЫМДАР ҚЫСҚАРТЫЛДЫ

Облыстық полиция департаменті жанындағы консультативтік-кеңесші органның кезекті отырысы өтіп,   бұрын сотталғандармен  және шартты түрде босатылғандармен профилактикалық жұмыс жүргізу мәселесі  кеңінен талқыланды.  Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, аталған санаттағы тұлғалар полицейлердің ұдайы бақылауында. Жыл басынан бері екі мыңнан астам тексеріс жүргізіліп, оның барысында 58 заң бұзушылық анықталды. Учаскелік полиция инспекторларының ұсынымы бойынша шартты …

ЛАУАЗЫМДАР ҚЫСҚАРТЫЛДЫ Read More »

ТОТ БАСҚАН СНАРЯД ТАБЫЛДЫ

Қызылжар ауданында бақташы  Большая Малышка ауылының маңынан снарядқа ұқсас  затты тауып алып, жергілікті полиция бөліміне хабарласты. Келіп жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұзындығы 30 миллиметр, моделі белгісіз, жарылғыш снарядтты анықтап, тәркіледі.

41 АДАМ ОРАЛМАН МӘРТЕБЕСІН ҰЗАРТТЫ

Өңірімізде оралман мәртебесін алу уақытын өткізіп алған  89 адам тұрады. Соның ішінде 26 отбасы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылында тұрып жатыр. Осы орайда облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін ауданға шықты.

ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Явленка ауылындағы Есіл аудандық полиция бөлімінің ғимаратында аудандағы ең алғашқы ішкі істер органының  мұражайы ашылды.  Оның тұсау кесу рәсіміне аудан әкімі Ербол Сағдиев пен облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция подполковнигі  Марат Төлебаев қатысты.  

TURǴYNDARǴA KÓMEK

“Qyzyl jarty aı” qoǵamy men “Forte bank” aksıonerlik qoǵamy birlesip, oblysymyzdyń órtten, tasqyn sýdan zardap shekken 300-den astam turǵynyna materıaldyq kómek kórsetti.

АУЛА – АВТОТҰРАҚ ЕМЕС

Автотұрақтардың жетіспеуі, көлік кептелісі қалалық жерде жыл өткен сайын өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде облыс аумағында “темір тұлпарлар” саны күрт өсіп, оларды қоятын орын тапшылығы сезіле бастады. Көпқабатты үйлердің маңындағы автокөліктердің көптігінен аяқ алып жүру қиын. Автожүргізушілер “темір тұлпарын” ағаш маңына, үй жанына, терезе алдына, бір сөзбен айтқанда, кез келген ыңғайлы орынға қоюға дағдыланған. …

АУЛА – АВТОТҰРАҚ ЕМЕС Read More »

ӘКЕГЕ ДЕГЕН САҒЫНЫШ

Өңірімізден 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғысқа қару ұстауға қауқарлы азаматтың барлығы аттанғаны белгілі. Майдан даласында Отан қорғағандардың қатарында әкеміз Қожабек Сүлейменұлы да болды.

ҚОС ҒАШЫҚ ТУРАЛЫ АҢЫЗ

Уәлиханов ауданындағы Аққұдық ауылынан шамамен 9 шақырым жерде тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі екі ескерткіш орналасқан. Ақсақалдардың айтуынша, бұл балбал тастар ғашықтардың құрметіне орай тұрғызылған. Ауыл арасында оның пайда болуы жөнінде мынадай аңыз бар.

АЛАЯҚТЫҢ АЛДЫ ЖАР

Адамның қулығына құрық бойлаған ба?! Жеңіл жолмен қалтасын қампитуды көздегендер неше түрлі қулық-сұмдыққа барып, кейін бастары бәлеге қалып жататыны өкінішті. Өткен жылдың соңында қызметін асыра пайдаланып, мемлекетке қомақты шығын келтірген Петропавл қалалық әкімдігінің бұрынғы үш қызметкері алаяқтық қылмысы үшін сот алдында жауап бергенін бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазды.

ҚАНША ЖЫЛҒА ЖАЛҒА АЛДЫҢ?

Терезеден сыртқа көз тастасам, үйдің маңындағы саяжолдың көп орындығының бірі шалқасынан құлап жатыр. Желдің екпінінен құлайтындай жеңіл орындық емес еді. Әрі жерге темірмен бекітіліп орнатылғанын өз көзіммен көргенмін. Не болса да, “Тепсе темір үзетін” бір “мықтының” тындырған шаруасы екені анық. Ал анасымен серуендеп жүрген көршінің үш жасар қызы орындықты орнына қоймақшы болып бір бұрышынан тартып …

ҚАНША ЖЫЛҒА ЖАЛҒА АЛДЫҢ? Read More »

ЕҢБЕКПЕН ТӘРБИЕЛЕУ

Бүгінгі таңда елімізде сотталғандарды жұмыспен қамтуға және оларға кәсіптік білім беруге көп көңіл бөлініп отыр. Мұндай жандар бостандыққа шыққан кезде еркін өмірге тез бейімделе алады.

БАЛДӘУРЕН ШАҚТЫҢ БАЗАРЫ

Балалардың тағы бір оқу жылын артқа тастап, жазғы демалысқа шығатын уақыты таяп қалды. Осы кезде әр ата-ананы балаларының демалысын тиімді өткізу жайы толғандырады.  Биыл балаларды демалыс шараларымен 100 пайыз қамту көзделіп отыр. Жетпіс мыңға жуық оқушыны 14 сауықтыру лагері қабылдайды. Балалардың саны өткен жылғымен салыстырғанда 6,5 пайызға артық. Демалыс орындарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын …

БАЛДӘУРЕН ШАҚТЫҢ БАЗАРЫ Read More »

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТЕН БАТА АЛҒАН

Кез келген елдің озық мәдениеті мен рухани болмысын таразылайтын күш – театр. Тарихы тереңде жатқан бұл өнердің эстетикалық қуатын арттырып, өзіндік ерекшелігін танытатын, сол арқылы көрермен жүрегіне сәуле түсіретін актерлер екені даусыз. Шынайы өмір мен көркем туын­дының ой-мақсатын, идеялық сипатын бір-бірімен астастыра жеткізетін, көзі ашық, көкірегі ояу, сезімі сергек көрерменді кейіпкер әлемімен таныстыратын да сол …

АСАНӘЛІ ӘШІМОВТЕН БАТА АЛҒАН Read More »

ҚОЛДАУҒА ДӘН РИЗА

Соңғы жылдары облысымызда кәсіпкерлік нысандарының саны артуда. Бұған “Бастау” жобасының игілігін көріп, өз кәсібін ашу немесе оны кеңейту мүмкіндігіне ие болған солтүстікқазақстандықтардың қалыңдай түсуі себеп болуда.  Облыстық кәсіпкерлер палатасы жанындағы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша комиссияның төрағасы Александр Бердниченконың айтуынша, өңірімізде шағын және орта кәсіпкерлік саласында тәуекелге бел буып, өз ісін …

ҚОЛДАУҒА ДӘН РИЗА Read More »

ҚҰҚЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Президент сайлауына қоғамдық мониторинг жүргізу мақсатында құрылған “Аманат” азаматтық платформасы республикалық штабының өкілдері өңірімізге келді. Олар тәуелсіз бақылаушылар үшін тренингтер өткізіп, сайлаушылар мен бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіруде.

САПА — БАСТЫ ҚАҒИДАТ

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі саналады. Көрсетілетін қызмет сапасының деңгейі тұрғындардың мемлекеттік қызметшілер жұмысына қанағаттану жағдайымен өлшенеді. Облысымыздың қоғамдық ұйымдары азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі мен осы саладағы проблемаларды анықтау мақсатында жыл сайын әлеуметтік зерттеулер ұйымдастырып тұрады.

НАМЫСТЫ ҚАМШЫЛАЙТЫН СӘТ

Бала күнімізден айнымас серігімізге айналған “Soltustik Qazaqstan” газеті ғасыр жастың төріне озғалы отыр. Осы жылдар ішінде басылым ұлт жанашырына айналды десем, сөзімді жоққа шығаратын адам табыла қоймас. Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Сәбит Мұқанов сынды Алаш жұртының асыл перзенттері іргесін қалаған “Soltustik Qazaqstan” газеті өмір көшіне ілесіп, уақыттың жүгін көтеріп, заман тынысын, дәуір болмысын шынайы суреттеп, …

НАМЫСТЫ ҚАМШЫЛАЙТЫН СӘТ Read More »

ЕТ КОМБИНАТЫ АШЫЛДЫ

Тайынша ауданындағы Новоивановка ауылында өнімдері негізінен экспортқа шығарылатын заманауи ет комбинаты пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты.

ЭКРАНДА ДА ЖҰЛДЫЗ

Шет мемлекеттерде спорт саңлақтарының үлкен кино экраннан жиі көрінуі тамаша дәстүрге айналды. Бұл үрдіс сонау ХХ ғасырдың отызыншы жылдары “Тарзан” фильмінде басты рөлді ойнаған 5 дүркін Олимпиада жеңімпазы, әлемдік рекордты 67 мәрте жаңартқан АҚШ-тың әйгілі жүзушісі Джонни Вайсмюллерден бастау алған деседі. Кезінде бұл кинотуындыны төрткүл дүние жұртшылығы тамсана тамашалаған еді.