КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ОҚИДЫ
Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10-сынып оқушылары мектеп қабырғасында кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады. Бұл туралы Елордада өткен “Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім” атты ІІІ халықаралық форум барысында Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова хабарлады.