«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 27.05.2019

КҮТІМІ БАР ҮЙДІҢ ІРГЕСІ БЕРІК

Өңірімізде  1758 көпқабатты тұрғын үй бар.  Олардың 89 пайызы кеңес үкіметі кезінде салынғандықтан, бүгінде тозығы жеткен. Ал үстіміздегі жылы орта мектепті тамамдаған 3327 түлектің  шекара аспай,  еліміздегі  қалуы үшін  жыл бойы жүйелі түрде ауқымды жұмыс атқарылыпты.  

ЖАЗ ЖАЙНАТЫП, КҮН КҮЛДІРІП…

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мəслихатында жазғы демалыс орталықтарының жұмысы жəне Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өткізілетін іс-шаралар барысы əңгіме арқауына айналды.

КАРАТЭШІЛЕР ДОДАСЫ

Спортқа дарынды балаларға мамандандырылған облыстық мектеп-интернатта шинкиокушинкай каратэден халықаралық турнир өтті. Жарысқа еліміздің және Ресей Федерациясының қалаларынан келген 6 мен 15 жас аралығындағы 200-ден астам спортшы қатысты. Додада өңіріміздің намысын 28 каратэші қорғады.

КӨЛДІ ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТТЫ

“Таза жағалау” акциясына қатысқан 80-ге жуық студент облыс орталығындағы Пестрое көлі маңын қоқыстан тазартты. Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы Андрей Славныйдың айтуынша, акция барысында бір тоннадан астам қоқыс жиналды. Алдағы уақытта Есіл өзенінің жағалаулары және Мещан орманында осындай шара өткізу жоспарланған.

BISHİLER TARTÝY

Jastar saraıynda estý qabileti nashar balalarǵa arnalǵan oblystyq arnaıy mektep-ınternat janynan qurylǵan “Sensitive” sporttyq jáne baldyq bı ansambliniń “Dyshý tıshınoı” atty qaıyrymdylyq konserti ótti.

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР АНЫҚТАЛДЫ

Солтүстікқазақстандық мұғалімдер Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен өткен VIІІ республикалық “Үздік ұстаз” тәуелсіз қоғамдық байқауында жеңімпаз атанды.

БІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ ҚУАНЫШ

Ақжар ауданындағы Ленинград №1 орта мектебі 55 жылдығын атап өтті. Шараға аудан әкімі Ербатыр Мадияров, “Назарбаев зияткерлік мектептері” қоғамдық бірлестігі педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Шолпан Каринова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Хасенова, әр жылдары оны мектепті тамамдаған түлектер қатысып, ізгі тілектерін білдірді.

ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ

Саналы ғұмырын Қазақстан баспасөзі мен мәдениетіне, тіл саласының өркен жаюына арнаған белгілі ақын, публицист Ербол Шаймерденов тәуелсіздік кезеңінің куәгері ғана емес, жаңа заманды өз қолымен жасауға қатысқан ұлт руханиятының қайраткерлері қатарында есімі ұмытылмақ емес. Елбасының алғашқы баспасөз қатшысы, көрнекті рәмізтанушы, белгілі қаламгер һәм журналист Е.Шаймерденов – мемлекетшіл мінезімен, қайраткерлік қасиетімен өз тұғырын қалап кеткен ерен …

ЕРБОЛ ШАЙМЕРДЕНОВ АТЫНДАҒЫ АУДИТОРИЯ АШЫЛДЫ Read More »

ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Елімізде, әсіресе, соңғы жылдары денсаулық сақтау саласының дамуына ерекше басымдық беріліп отыр. Жыл сайын медицинаға бөлінетін қаржы да аз емес. Заманауи орталықтар пайдалануға беріліп, емдеу мекемелері соңғы үлгідегі құрал-жабдықтарға қол жеткізуде. Емдеу сапасында да айтарлықтай өзгерістер бар. Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға …

ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНАШЫРЫ ЕДІ

Биыл жерлесіміз, көрнекті жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Герольд Бельгердің туғанына 85 жыл толады. Қазақ әдебиетінің өрістеуіне өзіндік үлесін қосқан қаламгердің шығармаларымен 1980 жылдан бастап таныспын. Оның романдарын, повестерін, әңгімелерін, очерктерін, эсселерін, публицистикалық мақалаларын оқып отырып, терең, жан-жақты біліміне, еңбексүйгіштігіне, әрбір таңдаған тақырыбын ғылыми тұрғыда зерттеп барып жазатынына, оқырманның көкейіне ой салатындығына тәнті болдым.

АДАЛ ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ АҚЫ

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне сәйкес факторлық-балдық шкала бойынша 2018 жылдың бонустары төленді. Агенттік қызметкерлеріне 4-тен 7 айлық еңбекақы көлеміне дейін бонус аударылды.

МЫЛТЫҚСЫЗ МАЙДАН

Қауіпсіздік мәселесін сөз еткенде біз ең алдымен “соғыс” деген ұғымды ойға аламыз. Қазір дүниежүзінің көп елдері бейбіт заманда өмір сүріп отыр. Бұрынғы жаугершілік кезеңдегідей бір елдің екіншісіне басып кіріп, жерін қанға бояп жатқаны сирек. Бірақ бұл “жау – жар астында” деген астарлы ұғымды ұмыттық деген сөз емес. Есесіне мылтықсыз майдан қызып тұр.

ТАРИХТЫ БІЛУ — ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ

Біздің клуб туған өлке төсіндегі тылсым табиғат пен тамыры терең тарихты, мәдениет пен тұрғындардың тіршілік ету әрекетін зерттеп, өңір тұрғындарына ауқымды білім мен тәрбие беретін өлкетану ісін жүйелі дамытып келеді. Өлкенің кешегі көрінісі мен бүгінгі бейнесін паш ету мақсатында өңіріміздің танымал өлкетанушылары мен тарихшылары түрлі тақырыпта дәрістер өткізеді. Мәселен, “Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты”, “ХІХ ғасырдағы …

ТАРИХТЫ БІЛУ — ҰРПАҚҚА ПАРЫЗ Read More »

«ҚАҢҒЫБАС» ІС-ШАРАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Солтүстік Қазақстан облысында «Қаңғыбас» жедел-алдын-алу іс-шарасы аяқталды. Мақсаты – баспанасыздарға қатысты қылмыстардың алдын алу, олардың жүрген жерін анықтап, есепке қою. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың паналап жүрген жерлері полицейлерге белгілі. Үш күн бойы тәртіп сақшылары облыс бойынша мыңнан астам жертөлені, кәріз құдықтарын, қараусыз қалған ғимараттарды тексерді. Қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 170 адам жеткізілді. Әрқайсысынан геномдық …

«ҚАҢҒЫБАС» ІС-ШАРАСЫ АЯҚТАЛДЫ Read More »

ПЕТРОПАВЛДЫҚ САЯЖАЙШЫ ЖҮЗІМНІҢ 10-НАН АСТАМ ТҮРІН ӨСІРЕДІ

Петропавл қаласының тұрғыны Владимир Должников саяжайында жүзімнің 10-нан астам түрін өсіріп, жеміс алып отыр. «Қызыл, жасыл, ақшыл, қара, кәріптас түстес, күлгін – жүзімнің түсі ғана емес, дәмі де сан алуан болады», – дейді тәжірибелі бағбан. 

ӨНІМ ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРЫЛАДЫ

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның орталығы – Новоишимка ауылында қоспажем зауыты іске қосылды. Жаңа кәсіпорынның ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов және “KAZMEAL” компаниясының бас директоры Дина Өтебаева қатысты.