«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АДАЛ ЕҢБЕККЕ – ЛАЙЫҚТЫ АҚЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне сәйкес факторлық-балдық шкала бойынша 2018 жылдың бонустары төленді. Агенттік қызметкерлеріне 4-тен 7 айлық еңбекақы көлеміне дейін бонус аударылды.

Еңбекақы төлеудің жаңа жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары жақсарды. Бірі қаржыны үй сатып алуға қажетті бастапқы жарна ретінде салса, келесілері ипотекалық, тұтынушылық несиелерінен құтылды.
Адал еңбектеріне лайықты еңбекақы алған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің қызметкерлері Петропавл қаласындағы балалар ауылына барып, қайырымдылық шарасын өткізді.

“Қызылжар-Ақпарат”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp