«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 28.05.2019

“МӘҢГІЛІК МҰҢ – ШЕРЛІ ШЕМЕН” КӨРМЕСІ

Солтүстік Қазақстан  мемлекеттік архивінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай “Мәңгілік мұң – шерлі шемен” атты көрме өтті. Көрменің мақсаты – талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген бұл кезеңнің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Еліміздің лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы айтып,  ұлы тұлғаларды насихаттау үшін …

“МӘҢГІЛІК МҰҢ – ШЕРЛІ ШЕМЕН” КӨРМЕСІ Read More »

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫНЫҢ САПАРЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов екеуі Петропавл қаласында орналасқан  көші-қон қызметтер орталығына барып,  жұмысымен танысты. Шетелдіктерге құжаттарын реттеуге қолайлы жағдай жасалған орталық осыдан екі жыл бұрын ашылған болатын.  Қазіргі таңда  орталықта 12 қызмет түрі көрсетіледі. Сонымен қатар бұл жерде нотариус, сақтандыру агенттері, аударма бюросы, медициналық  орталық бар.

БҰЛ МАУСЫМ ТАБЫСТАРҒА ТОЛЫ

Н.Погодин атындағы орыс драма театры 132 маусымның жабылуына орай гала-концерт ұйымдастырды.  Өткен маусымда өнер ордасының сахнагерлері көрермендерін төрт жаңа спектакльмен қуантты. Солардың бірін ресейлік режиссер Галина Зальцман қойды. “Әр қойылымымыз өзінше бір әлем. “Месье Амилькар, человек который платит”, “Тевье… История одного еврея”, “Ромео и Джульетта”, “Сны золотые”. Бұл туындыларымыз маңызды тақырыптарды қозғайды. Көрермендер олардан өзінше …

БҰЛ МАУСЫМ ТАБЫСТАРҒА ТОЛЫ Read More »

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Облыстық полиция департаменті қоғамдық бірлестіктер мен әйелдерді қолдау орталықтарының өкілдерімен бірлесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы аясында жиын өткізді. 

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ СҰРАНЫСҚА ИЕ

Оқушылардың  жұмысшы мамандықтарға  қызығушылығын ояту үшін    М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Шеберлер қаласы» атты шара өтті. Оған Петропавл кұрылыс-экономикалық коледжінің оқытушылары мен студенттері және “Chaplin” барбершоп мамандары шақыртылды. – Шараның басты мақсаты – жұмысшы мамандықтарға назар аудару. Сондықтан мұнда бірқатар шеберлерді шақырдық. Олар  өз кәсібін жастарға жаңа қырынан таныстырып,   болашақ мамандығын таңдауға ықпал етеді деген ойдамыз, …

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚ СҰРАНЫСҚА ИЕ Read More »

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – МАҢЫЗДЫ

Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылжар ауданындағы Ольшанка ауылында орналасқан “ЕС – 164/9” түзету мекемесі қайта бейіндеуден өткен болатын. Осыған орай отбасылық-тұрмыстық заңсыздықтарға жол бергендер басқа түрмеге ауыстырылып, түзету мекемесіне бұрын лауазымды қызметтерді атқарып жүріп, заңсыздықтарға жол бергендер тоғытылды. Олардың арасында прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, сот және өзге де құқық қорғау салаларының бұрынғы қызметкерлері  бар. Бүгінде …

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУ – МАҢЫЗДЫ Read More »

ЖАҢА АВТОБУСТАР САТЫП АЛЫНАДЫ

“Астана Моторс” компаниясы Петропавлда қытайлық “Golden Dragon” автобусын тестілеуді бастады. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов үстіміздегі айдың басында шаһарымыздың қоғамдық көліктер паркі жаңа автобустармен толығатыны туралы айтқан болатын. Міне, бүгін сол автобустардың алғашқысы қаламызға жеткізіліп, сынақтан өткізілді. Ұзындығы 10 жарым метр, 31 орындық, 80 адамға шақталған әрі  мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделіп жасалған қоғамдық көлік тестілеуіне өңір …

ЖАҢА АВТОБУСТАР САТЫП АЛЫНАДЫ Read More »

ЕҢБЕКТІҢ ӨТЕУІ – АЛҒЫС

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Рамиль Камаловтың атына Петропавл қаласының тұрғыны Л.Архипова хат жолдапты. Онда автор оқыс оқиға барысында жеделдік танытып, кәсібилік көрсеткен өртсөндірушілерге алғысын білдірді.

ОБЛЫСТЫҚ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТТІҢ БАСТЫҒЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен полковник Талғат Шымкентбайұлы Әліқұлов Солтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы болып тағайындалды.

ЖАУАПСЫЗ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАЗАЛАНАДЫ

Жыл басынан бері облыста мас күйінде рөлге отырған 420 жүргізуші анықталды. Олардың 118-і – облыс орталығының көшелерінде жүрген. Жүргізушілердің жолда жүру ережелерін бұзуын болдырмау мақсатында өңірімізде биыл бес жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылды. Нәтижесінже 29 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Ал балалардың қатысуымен орын алған 13 жол-көлік оқиғасының салдарынан 13 бала жарақаттанып, біреуі көз …

ЖАУАПСЫЗ ЖҮРГІЗУШІЛЕР ЖАЗАЛАНАДЫ Read More »

ҚОҒАМ ДЕРТІМЕН КҮРЕС

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері «Жастар жылы» аясында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы Новоишимка аудандық Мәдениет үйінде жергілікті жастарға нашақорлықтың алдын алу бойынша ведомствоаралық бағдарламаны таныстырды.

БИЗНЕС БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР

“Samruk-Kazyna Trust” қоры “ӘРЕКЕТ” жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөліп отыр. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады. С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аталмыш байқаудың ережелері мен талаптары түсіндірілді. “Біз коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға әзірміз. Азаматтық қоғамды дамытып отырған жобалар қаржылай …

БИЗНЕС БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ӘЗІР Read More »

ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАНУДА

“Үркер-2019″ ұлттық сыйлығына қатысу үшін өтінім қабылдау басталды. Өтінімдер 2019 жылдың 20 маусымына дейін “www.urker-awards.kz” ресми сайтында орналастырылған үлгіге сәйкес қабылданады.

ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ТЕКСЕРІЛЕДІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі аудит департаменті жұмысының бір саласы – қаржы есептілігінің жыл сайынғы аудиті. Бұл ретте мемлекеттік мекемелердің республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүргізілетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігі тексеріледі.

КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ

Қазақстанда көтермелеудің жаңа жүйесін енгізу кезінде әрбір мемлекеттік қызметшіге бонус бөлу жоспарлануда. Сыйақы беру мәселесі – мемлекеттік органның үнемделген қаражатының бар-жоғына тікелей байланысты. Алайда, бұл әдіс мемлекеттік қызметшіні жігерлендіру мәселесіне келгенде белгілі бір теңгерімсіздікті (дисбалансты) қалыптастырып отыр”, – деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова жуырда агенттікте өткен …

КӨТЕРМЕЛЕУДІҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСІ Read More »

СУДАН ҚАТЕР МОЛ

Жаздың шуақты күндерінде бос уақытын өзен-көлдердің жағасында өткізетіндер аз емес. Өкінішке қарай, осындай сәттерде қауіпсіздік ережелері сақталмай, демалыс қайғылы жағдайлармен аяқталып жатады.

КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ОҚИДЫ

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінен бастап 10сынып оқушылары мектеп қабырғасында кәсіпкерлік негіздерін оқитын болады. Бұл туралы елордада өткен “Инновациялық экономика үшін кәсіпкерлік білім” атты ІІІ халықаралық форум барысында хабарланған болатын.

ЖӨНСІЗ АЙЫПТАУҒА ЖОЛ БОЛСЫН

Қоғамда мәселенің анық-қанығына терең үңілместен, біреудің атына кір-күйе жағатын жайттар аз кездеспейді. Сондай жағымсыз пікірдің бірі өзіміз қызмет атқарып жүрген оқу ордасы жайында болып отыр. Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушылары пара алуға бейім деген қауесет тарағанда, өзіміз де түсінбей абдырап қалдық. Мұның жалған айыптау екенін көрсету үшін қолымызға қалам алып отырмыз.

“МЕН КӨЗДЕГЕН НЫСАНА – ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕСІ”

Жуырда облыс тарихында алғаш рет еркін күрестен Азия біріншілігінде алтын медаль иелендік. Бұл қуанышты жерлестеріне Қытайдың Сиань қаласында өткен дүбірлі додада белдескеннің белін бүгіп, жауырынын жер иіскеткен қызылжарлық балуан Нұрқожа Қайпанов сыйлады. Өңіріміз бен еліміздің абыройын асырған чемпионмен әңгімелесудің сәті түскен болатын.

САУАПТЫ ІС

Менің ата-бабамның туған жері – Есіл ауданындағы Өрнек ауылы. Онда әр кездері ең кемі 120 үй түтін түтеткен екен. 1941-1945 жылдары ел басына күн туғанда 134 ауыл жігіті Ұлы Отан соғысына аттаныпты. Яғни, әр шаңырақтың екі-үш өкілі майдан даласында толарсақтан саз кешіп, мұз жастанған.