«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 29.05.2019

АДАСЫП ҚАЛҒАН БАЛА ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ

Тәртіп сақшылары Тайынша ауданында адасып қалған бес жасар баланы отбасына қайтарды.  Жылап тұрған сәби аудан орталығы Тайынша қаласының айналма жолында көзге түскен. Полицейлер анықтай келе, бүлдіршіннің серуендеуге шығып, адасып кеткенін анықтаған. Бала өзін “Владикпін” деп таныстырған. Алайда ол нақты қай жерде тұратынын айта алмаған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бұл оқиға туралы кезекші бөлімге хабарлап, баланы …

АДАСЫП ҚАЛҒАН БАЛА ОТБАСЫНА ОРАЛДЫ Read More »

АГЕНТТІК ТӨРАҒАСЫ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

Өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындармен кездесті.  

ҚҰБЫР ӨРТЕНДІ

Облыс орталығындағы жылу трассаларының бірі отқа оранды. Оқиға “Еуразия” сауда үйінің маңында орын алған. Төтенше жағдай туралы ақпарат, өрт сөндіру бөліміне кешкі сағат 6-да түсті. Құбырдың жанып жатқанын сол ауданда тұратын қала тұрғыны хабарлады. Жалын 20 шаршы метр аумаққа жайылған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір қызыл жалынның шығу себебі анықталуда.

АУЫЛДЫҚТАР ДӘН РИЗА

Ғабит  Мүсірепов  атындағы ауданның Новоселов ауылдық округіне қарасты Привольный ауылында балаларға арналған жаңа ойын алаңы пайдалануға берілді. Көптен күткен  алаң жергілікті “Астық – Привольное” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің күшімен салынды. 

МӘСКЕУ ЖАҚЫНДАЙ ТҮСТІ

Тәуелсіздік алғаннан бері өңірімізде тұңғыш рет Петропавл-Мәскеу бағытында әуе рейсі ашылды. Қазақстанның азаматтық авиация комитеті Ресейдің “ИрАэро” әуе компаниясымен келісімге келіп, өңір тұрғындары мен қонақтарына Ресей астанасына тікелей жету мүмкіндігін тудырып отыр. 

ОРМАН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ

“Таза орман” акциясына қатысқан 80-ге жуық студент Мещан орманын қоқыстан тазартты. Облыстық жастар мәслихаты бірлестігінің төрағасы Виталий Шемингтің айтуынша, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының қолдауымен өтетін жыл сайынғы акцияға Петропавлдағы бес колледждің студенттері қатыстырылады. Акция нәтижесінде орман ішінен 222 килограмм қоқыс жиналды. Орманды тазартуда белсенділік танытқан Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледж студенттері бірінші …

ОРМАН ҚОҚЫСТАН ТАЗАРТЫЛДЫ Read More »

ЖАҢА КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Кеше облыстық сотта ведомство төрағасы Ерлан Айтжановтың қатысуымен келушілерге ыңғайлы жағдай жасауға бағытталған фронт-кеңсе ашылды.

ТАСЖОЛДАРДА ПОЛИЦИЯ БЕКЕТТЕРІ БОЛМАЙДЫ

Қазақстанда ішкі полицейлер бекеттері жойылады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 1 шілдеден бастап біздің жолдардағы шекаралық бекеттер қысқарады. 

КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН ЧЕМПИОНАТ БАСТАЛДЫ

Облыс орталығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 7 және 14 жас аралығындағы қыз балалар арасында көркем гимнастикадан ашық қалалық чемпионат басталды. Дәстүрлі сайысқа сайдың тасындай іріктелген 100-ден астам спортшы қатысуға ниет білдірді.

450 ЖЫЛҒА СОЗЫЛАТЫН ОНЛАЙН-ТРАНСЛЯЦИЯ БАСТАЛДЫ

Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) ұзақтығы 450 жылға созылатын онлайн-трансляция бастады. WWF-тың Facebook-тегі парақшасында басталған транцляция пластмасса бөтелкенің табиғи жолмен жойылу процесін көрсетпек.

ЖОҒАРЫ ЕУРАЗИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТЕДІ

Бүгін Нұр-Сұлтанда Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық интеграция жөніндегі идеясының 25 және Еуразиялық экономикалық одақ жөніндегі шарттың 5 жылдығына орай Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. 

АБАЙ МЕН МАҒЖАН ОҚУЛАРЫ ӨТУДЕ

Облыс орталығындағы №8 жалпы білім беретін орта мектепте «Абай мен Мағжан оқулары» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтуде. Оған 115 мектеп оқушысы қатысуда.

ЖАСТАР – БОЛАШАҚ ИЕСІ

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментте өткен кезекті шара “Жастар жылына” орайластырылды. Өскелең ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеу мақсатында ведомствоның ардагерлері жас мамандармен кездесті.

РУСЛАН АҚМАТОВ – ӨЗ КӘСІБІНІҢ ҮЗДІГІ

Облыстық полиция департаменті  жергілікті полиция қызметі басқармасы  патрульдік полиция батальондарының қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздігі» байқауын өткізді.