«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 30.05.2019

ҚОРЖЫНЫМЫЗДА – ТОҒЫЗ МЕДАЛЬ

Италияның Сассари қаласында еркін және әйелдер күресінен “Sassari City Matteo Pellicone Memorial” атты халықаралық турнир өтті. Оған әлемнің бірнеше мемлекетінен қыруар спортшы қатысты. 

ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР САЙЫСЫ

Тимиярезев ауылындағы «Жастар» стадионында аудандық спорт бөлімі, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, білім бөлімі №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бірлесіп, өрт сөндіру-құтқару спортын дамыту және көпшілікке тарату мақсатында мектеп оқушылары арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Жас құтқарушы» үйірмелері арасында жарыс ұйымдастырды. 

МҰХАМЕДЬЯРОВТАР ТОП ЖАРДЫ

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында “Мерейлі отбасы” жалпыұлттық байқауының облыстық кезеңі өтті. Конкурстың бас жүлдесі Уәлиханов ауданының Мұхамедьяровтар отбасына бұйырды. 

ДАУЫЛ ТҰРЫП, БҰРШАҚ ЖАУАДЫ

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 31 мамыр – 1 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысының аумағында кей жерлерде күн күркіреп, дауыл тұрады, бұршақ жауады.

ЕКІ АДАМ СУҒА КЕТТІ

Солтүстік Қазақстан облысында биыл екі адам суға кетті. Қайғылы оқиғаға қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп. СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде өңірде шомылуға арналған 58 орын бар. Олардың 12-сі көлде, қалғандары Есіл өзенінде орналасқан. Алайда кей тұрғындар ескертуге мән бермей, қауіпті жерлерде шомылуды әдетке айналдырған.  

СӨЗ ЗЕРГЕРІ

Қасиетті Қызылжар өңірінде дүниеге келіп, есімі ел тарихында алтын әріптермен жазылған жұлдыздар шоғыры аз емес. Жерлес жазушы Ғабит Мүсірепов те – халқы үшін шоқтығы биік тұлғаның бірі. Ғабит Мүсірепов туралы бірталай зерттеулердің, көптеген мақалалардың жарияланғанына қарамастан, жазушы мұрасының кейбір тұстары мен қырлары жеткілікті түрде ашылмаған. Әсіресе, аудармашылық шеберлігі және әлемнің 34 тіліне аударылған шығармалары терең …

СӨЗ ЗЕРГЕРІ Read More »

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ РӘСІМДЕРІ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА

“Мемлекеттік қызмет рәсімдерін оңтайландыру және электронды түрде көрсету”.  Өңірлік коммуникациялар қызметіндеөткен баспасөз мәслихатына осы тақырып арқау болды.  Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Арман Оразғұловтың айтуынша, мемлекеттік мекемеде 6 қызмет түрі көрсетіледі. Оның 3-уі қағаз нұсқада және қалғандарыбаламалы негізде жүзеге асырылады. – Былтыр сәуірдепайдалы қазбаларды байыту бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепілдігін тіркеу жөнінде мемлекеттік стандарт …

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ РӘСІМДЕРІ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛУДА Read More »

МАРДЫМСЫЗ ЗЕЙНЕТАҚЫ КӨҢІЛДІ ЖАБЫРҚАТАДЫ

Газет оқырманы Айгүл Қыдырменова өмір бойы белі бүгіліп, ауыр жұмыстар атқарған әкесінің бүгінгі күні мардымсыз зейнетақы алып отырғанына реніш білдіріп, хат жазған екен. Газетіміздің Whatsapp желісіне Петропавл қаласының тұрғыны Айгүл Қыдырменовадан сауал келіп түсті. Ол жастайынан түрлі жұмыста істеген 75 жастағы әкесінің ең төменгі зейнетақы алатынын ашына жазған.

ҚАРЖЫЛАНДЫРУ — ҚОЛДАУ ТЕТІГІ

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында “ҚазАгро” холдингі” АҚ-ның агроөнеркәсіп субъектілерін қаржыландыруды бастауына орайластырылған баспасөз конференциясы өтті. Қаржыландыру нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында қолға алынып отыр.

ПӘТЕР ЖАЛДАУҒА ӨТЕМАҚЫ

Полиция қызметкерлерінің пәтер жалдауына өтемақы енгізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты. “Біз қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын және жалақысын арттыру бағытында байыпты қадамдарға барып отырмыз. Өздеріңіз де білесіздер, 1 шілдеден бастап сараланған түрде жалақыны көтереміз. Бұған қоса, отбасының бір мүшесіне өңірлерге байланысты 40 мың теңгеден бастап жалға алынған пәтер төлемі түріндегі өтемақы институтын …

ПӘТЕР ЖАЛДАУҒА ӨТЕМАҚЫ Read More »

АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ СЫЗДАЙДЫ ӘЛІ, ЖАҢА ЗАМАН, ЖАС ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ!

ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ XX ғасырдың 20-30-шы жылдарында Кеңес одағында қоғамның барлық саласын абсолюттік бақылауға алған саяси тәртіп орнаған болатын. Ол әр адамды, партияны, мемлекетті алдағы мақсатқа жеткізу үшін бірлікте, тек бір арнада ұстауды көздеді. Ал бұл мақсат субъективтік, утопистік негізде болғандықтан, қоғамның барлық мүшелерін бір арнаға түсіру мүмкін емес еді. Сондықтан да түпкі мақсатқа жету …

АРЫСТАРДЫҢ АРМАНЫ СЫЗДАЙДЫ ӘЛІ, ЖАҢА ЗАМАН, ЖАС ҰРПАҚ ЖҮРЕГІНДЕ! Read More »

ҚҰРТ АУРУЫМЕН КҮРЕС

Ағзада қорғаныш қызметінің бұзылуы, АИТВ-инфекциясын жұқтыру, нашақорлық, жүйке жүйесіне артық салмақ түсіру, дұрыс тамақтанбау, суық тию салдарынан пайда болатын туберкулез ауруының алдын алу үшін облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мамандары “ЕС-164/3” мекемесінде диагностикалық шараларды жиі өткізеді. Құрт ауруына шалдыққан немесе күдік тудырған жазасын өтеушілермен мамандар жеке жұмыс жүргізіп, ем тағайындайды.

ҮЗДІК ЖОБАҒА – ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ

“Samruk-Kazyna Trust” қоры “Әрекет” жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөліп отыр. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

“МАҚСАТЫМЫЗ — ЖАНКҮЙЕРЛЕРДІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒУ”

Футболдан бірінші лига ойындары үстіміздегі жылдың сәуір айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін сегіз кездесу өткізген жергілікті аяқдоп шеберлері турнир кестесінде алтыншы орында келеді. Назарларыңызға “Қызылжар” футбол клубының жаңа бас бапкері Али Алиевпен сұхбатты ұсынып отырмыз.

АЛҒАШҚЫ “WTA” ТИТУЛЫ

Қазақстандық кәсіпқой теннисші Юлия Путинцева Германияның Нюрнберг қаласында “WTA” сериясының аясында өткен турнирде жеңіске жетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

ЕЛ ҚҰРАМАСЫ КӨШ БАСЫНДА Тайландта аралас жекпе-жектен өткен Азия чемпионатында жалпыкомандалық бірінші орынға ие болған Қазақстан құрамасы халықаралық “ММА” әуесқойлары тізімінде көш бастады. “ТОП-10” рейтингісінде 58 спортшының нәтижесі ескерілген. Екінші орында – Бахрейн спортшылары, Швеция құрамасы үшінші орында. Одан кейін Жаңа Зеландия, Ресей, Австралия, Англия, Оңтүстік Африка, АҚШ және Мексика құрамалары жайғасқан. Аралас жекпе-жектен әуесқойлар …

ЖАҢАЛЫҚТАР Read More »

ТЫНЫШТЫҚ КҮЗЕТІНДЕ

Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігіміздің күзетінде тұрған ұлттық әскеріміздің орны қашан да бөлек. Осы салада жүрген әрбір адамға жүктелетін жауапкершілік те орасан. Облыс орталығында тұратын ерлі-зайыпты Сағындық пен Салтанат Алқайдаровтар – әскеріміздің айбынын адал еңбегімен асқақтатып жүрген өнегелі жұптардың бірі.

САҒЫНЫШ

Жарты әлемді шарпыған екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 74 жыл толса да, оның бітеу жарасы әлі күнге дейін жүрегімізді сыздатады. Сұрапыл соғыс бірін әкеден, екіншісін бауырдан, енді бірін асыл жардан айырды. Бауыр еті баласынан көз жазып қалған аналар қаншама?! Ұлы Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бойы өсіп, бұғанасы қатпаған жас бала да, еңкейген кәрі де майдан үшін …

САҒЫНЫШ Read More »