Қазақстандық кәсіпқой теннисші Юлия Путинцева Германияның Нюрнберг қаласында “WTA” сериясының аясында өткен турнирде жеңіске жетті.
Еліміздің бірінші ракеткасы финалда словениялық спортшы Тамара Зиданшекпен кездесті. 2 сағат 20 минутқа созылған матч 4:6, 6:4, 6:2 есебімен аяқталды. Осылайша, 24 жастағы Юлия Путинцева алғаш рет “WTA” титулына қол жеткізді.
“Өте керемет кездесу болды деп ойлаймын. Сәттілік те серік болғанын жасырмаймын. Қайсар мінезім – жеңіске жетеледі”, – деп түйіндеді өз сөзін Путинцева матчтан кейін.