Испаниялық “Барселона” клубының капитаны және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы алтыншы “Алтын бутсы” жүлдесін жеңіп алды.
Бұл жүлде 1968 жылдан бастап Еуропада дәстүрлі түрде жыл сайын беріледі. Әлемнің үздік ойыншыларының бірі Л.Месси осы маусымда 34 ойын өткізіп, 36 гол соққан. Ал Францияның “ПСЖ” клубының ойыншысы Килиан Мбаппе Мессиден 3 доп кем соққан, осылайша ол екінші орынға ие болды. Ал 26 рет мергендік танытқан “Сампродия” өкілі Фабио Квальярелла үздік үштікті түйіндеді.