«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҮЗДІК ЖОБАҒА – ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Samruk-Kazyna Trust” қоры “Әрекет” жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөліп отыр. Байқау шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада аталмыш байқаудың ережелері мен талаптары түсіндірілді. “Біз коммерциялық емес ұйымдарды қолдауға әзірміз. Азаматтық қоғамды дамытып отырған жобаларға тұрақты түрде қаржылай қолдау қажет”, – деді “Samruk-Kazyna Trust” әлеуметтік жобаларды дамыту қорының менеджері Ирина Дүйсенева.
Гранттық байқауға қатысуға тілек білдіргендердің бірі Есіл ауданындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар бірлестігінің төрағасы Виктор Кривошеев. Ол әлеуметтік такси көлігін сатып алып, осылайша аудан орталығындағы арбаға таңылғандардың жүріп-тұру мәселесін шешуді жоспарлап отыр. “Арнайы жабдықталған көліктің құны 1,5-2 миллион теңге тұрады. Оны сатып алу үшін көп жерден қаражат сұрадым, бірақ бұл ұмтылысым әзірге еш нәтиже бермей отыр. Ауданымызда 1200 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Олар өздігінен жүріп-тұра алмайды, сол себепті қоғамдық шаралардан да шет қалуда”, – дейді Виктор Кривошеев.
Конкурстың былтырғы жеңімпазы Сәлімхан Сәбитов “Әрекет” жобасы бойынша ұсынылған қаржыға мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын автомектеп ашқан болатын.

Гүлбике КУБЕНОВА, “Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp