Петропавлда республикалық көпкүндік веложарыс бастау алды. Дүбірлі дода жыл сайын Кеңес Одағының чемпионы, спорт шебері Алексей Мартыновичтің құрметіне орай өткізіліп тұрады. Байрақты бәсекеге еліміздің 6 өңірінен 90-ға жуық жас спортшы жиылды.
Бұл – 13-14 жастағы ұл-қыздар үшін республикалық деңгейдегі алғашқы сайыстары. Сол себепті, бойларында аздап қобалжу бар. Тартыс алдағы 4 күн бойы жалғаспақ. Қатысушылар топтық әрі командалық есепте 40-50 шақырымды еңсерулері тиіс.
Сурет /www.youtube.com сайтынан алынды.