Петропавлда бірнеше күн бұрын іздеу жарияланған жас жігіттің денесі табылды.
Сағындық Салықов 3 тамызға қараған түні үйіне бара жатқан жерінен хабарсыз кеткен болатын. Оны тәртіп сақшылары, құтқарушылармен бірге еріктілер де бірнеше күн бойы іздеді. Соңғы рет Хименко – Набережная көшелерінің маңындағы сауда үйіндегі бейнекамераның жазбасына оның Есіл өзеніне қарай бара жатқаны түскен.
Кеше полицейлер Есіл өзеніне жақын жердегі бөгетте оның мәйітін тапты. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.