«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

МЕКТЕП ФОРМАСЫНЫҢ САПАСЫНА МӘН БЕРГЕН ЖӨН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биылғы жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 1 миллион 31 мың теңге  сомасында қаржы жиналды. Шара аясында 61 балаға бюджет қаражаты, ал 221-іне демеуші есебінен көмек көрсетілді. Облыстық білім басқармасы жаңа оқу жылына дейін тағы 10 мыңнан астам оқушыға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.

Өңіріміздегі «Мектеп және балалар киімдерін тігу  фабрикасы» ЖШС да биылғы жылы мектеп формасын қолжетімді бағамен сатуды қолға алған. Ең бастысы, бұл кәсіпорынның киім-кешегі экологиялық сапалы маталардан тігіледі. Фабрика өкілдерінің айтуынша, мұнда бастауыш сынып оқушыларының мектеп формасы –  18, ал  жоғары сынып оқушыларыныкі  21 мың теңгеге сатылуда. Аталмыш серіктестік бүгінгі күні 50-ге жуық киім үлгісін тігеді. Және олардың өнімі көбіне Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің батыс өңірлерінде сатылымға шығарылады. Фабрика директоры Әлия Бәшееваның айтуынша, базарда саудаланатын мектеп формаларының көбі талаптарға сай келмейді. «Ол киімдерде синтетикалық маталар көп қолданылған. Ал біз таза экологиялық маталардан тігеміз. Құрамының 65 пайызы мақтадан тұрады. Табиғи өнім баланың өзін жайлы сезінуіне ықпал етеді. Әрі форманың сәнді болуын негізге аламыз», – дейді ол.

Биыл  өңірімізде  9294 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp