«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

САЛЫМШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” акционерлік қоғамының облыстық филиалы ұжымы салымшылар үшін шеберлік сыныбын өткізді. Оның барысында қатысушылар бастапқы жарнаны жинап, қалайша тез ресімдеу және баспананы қай бағдарламамен алуға болатыны туралы мағлұмат алды.

Банк, негізінен, “Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ал жуырда қаржы институты жаңа “Бақытты отбасы” мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыра бастады. Ол қоғамның әлеуметтік жағынан осал топтарын баспаналы етуге арналған.
– Жастары 23-тен аспаған, төрт және одан да көп балалары бар, толық емес және мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар бұл бағдарламаға қатыса алады. Біріншіден, отбасының әр мүшесіне шаққандағы табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек. Ал екіншіден, олар әкімдіктегі баспана кезегінде тұруы тиіс. Олар бағасы 10 миллион теңгеден аспайтын пәтер ала алады. Сонымен бірге олар 10 пайыздық бастапқы жарна аудару керек. Ипотека жылдық 2 пайыздық үстемемен беріледі. Әзірге, бағдарлама бойынша 80 өтініш қабылданды. Оның 12-сі мақұлданып, 68-і қарастырылып жатыр, – деді “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ облыстық филиалының директоры Алмас Жапабаев.
Айта кетерлік жайт, бүгінгі таңда бұл банктің 45 мың салымшысы бар.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp