«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

683 АДАМ ҚОНЫС АУДАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Түркістан – Петропавл – Қостанай – Көкшетау қалаларын қамтитын баспасөз туры аясында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында шара өтті.

– Бүгінгі таңға дейін біздің өңірден солтүстік облыстарға барлығы 822 адам көшіп келген болатын. Биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бері осы өңірлерге 206 отбасы, яғни 683 адам қоныс аударды. Соның ішінде 22 отбасы, немесе 92 адам – Қостанай, 46 отбасы (90 адам) – Шығыс Қазақстан, 44 отбасы (219 адам) – Павлодар, ал 94 отбасы (282 адам) Солтүстік Қазақстан облыстарына көшіп келді. 683 азаматтың 287-сі еңбекке қабілетті, 204 адам тұрақты жұмыспен қамтылды, 8-і өздерінің ісін ашып, кәсіпкерлікпен айналысса, ал қалған 75 адам бала күтіміне байланысты демалыста, – дейді Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дамир Жүнісов.
Шара соңында түркістандық меймандардан құралған делегация өкілдері өңіріміздің бірнеше аудандарына ат басын бұрып, Түркістан облысынан қоныс аударған адамдардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сурет https://24.kz сайтынан алынды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp