Омбы облысындағы Ленинское селосында Ұлы Отан соғысының майдангерлеріне арналған ескерткіш орнатылды.
Оған 109 жауынгердің есімі жазылған. Ескерткіштің ашылу салтанатына солтүстікқазақстандықтар да қатысты. Іс-шараға жиналғандар Ұлы Отан соғысына қатысқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, мемориалға гүл шоқтарын қойды. Мемориалды орнатуға қаржыны жергілікті халық өз күшімен жинаған. Кәсіпкер, “Боевое” кәсіпорны бөлімшесінің басқарушысы Жұмабай Қожығалымовтың айтуынша, бұған дейін жақын маңдағы елді мекендерде осындай екі мемориал орнатылған. “Соғысқа әкем мен екі ағам қатысты. Бауырларымның біреуі мүгедек болып оралды. Ал әкем майданнан үйге оралса да, аз уақыт қана өмір сүрді”, – деп, Жұмабай аға көзіне жас алды.
https://mtrk.kz/
Сурет https://apanadyr.ru сайтынан алынды.