«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАУЫҚ ЕТІН ҚЫМБАТТАТҚАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің мамандары тауық етін сатушылардың өзара ымыраласып, тауарларын қымбатқа саудалағандарын анықтады.

Бұл заң бұзушылықтарға “Мелана СК”, “Куриный рай” жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері барған. Оларға заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқау беріліп, әкімшілік іс қозғалды. Облыстық және қалалық соттардың шешімдері бойынша серіктестіктердің монополиялық қызмет нәтижесінде түскен кірістері тәркіленіп, оның үш пайызы көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Кәсіпорындар 300 мың теңге айыппұлды төлеп, нұсқауды орындады.

– Серіктестіктердің монополиялық кірістеріне Жоғарғы сотқа шағым түсірдік. Қазіргі таңда сот сараптамалары тағайындалды. Тергеу барысында “КазКур” ЖШС-інің “Мелана СК” және “Куриный рай” ЖШС-нің жұмысын үйлестіргені белгілі болды. Бұл серіктестікке қатысты да тергеу жүргізілді, – деді Наталья Шаяхметова.

Оның айтуынша, аталған үш субъекті бір кеңседе орналасып, бір телефон нөмірлерін пайдаланып келген. Әрі “КазКур” ЖШС-нің басшылығы департамент мамандарына тергеу жұмыстарын жүргізуге кедергі келтірген. Бұл факті бейнежазбаға түсіріліп, сотқа ұсынылды.

Осыған дейін “КазКур” ЖШС-і тауық өнімдерін өздері шығарып, сауда орындарында сатып келген еді. Енді тауарды басқа серіктестіктер арқылы саудалағандықтан, баға әлдеқайда қымбаттаған. Тергеу нәтижесінде ымыраласу факті расталып, бірінші инстанциядағы сот шешімі бойынша басқа ет өнімін шығарушы кәсіпорындардың қызметіне араласқаны үшін серіктестікке 350 айлық есептік көрсеткіш, яғни 883 750 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сурет http://www.sochi-express.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp