«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОЛЖЕТІМДІ ЗАҢГЕРЛІК ЖОБА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Елімізде азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында “QОRǴAU” жедел заңгерлік көмек жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы тақырып облыс орталығында өткен семинар-тренингте әңгіме өзегіне айналды.

– Тамыздың 1-і күні бастау алған жедел заңгерлік көмек жобасының арқасында қазақстандықтар тегін кеңес алып, өздерінің құқықтарын қорғай алады. Мұны жүзеге асыру үшін қалаларда тұрғындарға заңгерлік кеңес беретін орталықтар ашылды. Орталықтарда кәсіби заңгерлер қызмет атқарады. Жоба тұрғындар үшін қызметтің аталмыш түрі қолжетімді болуын көздейді, – дейді “Eurasian Expert Council” қоғамдық қорының президенті, жоба жетекшісі Шыңғыс Лепсіпбаев.
Сонымен қатар алдағы уақытта qorgau.kz сайтының және арнайы ұялы телефонға жүктелетін қосымшаның да іске қосылатынын айта кету қажет.

Сурет http://petropavltv.kz сайтынан алынды.


 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp