Қазақстандық спортшы Дарын Қонысбаев Украинаның Львов қаласында триатлоннан өткен “Lviv Triathlon Cup – 2019” халықаралық турнирінде топ жарды.
Ақтық сында 210 спортшы 1500 метрге жүзіп, 40 шақырымды велосипедпен бағындырып, 10 шақырымға жүгірді. Нәтижесінде бұл қашықтықты жерлесіміз 1 сағат 57 минут 56 секундта еңсерді. Осылайша, ол кәсіби спортшылар арасында үздік атанды. Мәреге Дарыннан 1 минутқа кейін келген украиналық Юлиан Демьянов екінші орынға жайғасса, оның отандасы Антон Блохин үздік үштікті түйіндеді.
Сурет http://pic.sport.ua сайтынан алынды.