Ақмола облысының Щучье қаласындағы “Бурабай” халықаралық кешенінде шаңғымен жарысудан еліміздің жазғы чемпионаты мәресіне жетті. Турнирге Қазақстанның 11 өңірі мен Ресейден келген 130 спортшы қатысты.
Чемпионат барысында 12 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпыкомандалық есепте 12 медаль иеленген Ақмола облысы көш бастады. Шығыс Қазақстан облысы екінші болса, павлодарлықтар үздік үштікті түйіндеді.
Сурет https://rollski.ucoz.com сайтынан алынды.