Биылғы күзде Петропавл балық өсіру бағының қызметкерлері облысымыздағы су қоймаларына тұқы балығының шабақтарын жіберуді бастады.
– Мемлекеттік тапсырыс аясында біз осы балық түрінің 1 миллионнан астам шабақты жіберуді жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, оның 479700-і облыс орталығының, ал 586300-і Сергеев су қоймаларына жеткізілетін болады, – деді мекеме директоры Ержан Жұмабаев.
Биыл екі су қоймасына балықтарды жіберу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 42 миллион, ал оларды тұқы балығының шабақтарымен толтыру мақсатына 7 млн.-нан астам теңге бөлінді.
http://petropavltv.kz.
Сурет http://bessarabiainform.com сайтынан алынды.