Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері облыс орталығындағы Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенттерімен кездесу өткізді.
Шара барысында мекеме басшының міндетін атқарушы Азат Мұхамеджанов жастарға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауының басым бағыттарын, оның маңыздылығын түсіндірді. Ол студенттерге саяси құжатта айтылған 2020 жылдың Ерікті жылы болып аталғаны және оқушылар, студенттер мен жастардың бұл қызметке белсене қатысудың қажеттілігіне тоқталды.
Сонымен қатар жастар мәслихатының депутаты Әл-Фараби Мыңбай елімізде жастарға арналған зор мүмкіндіктер жайлы сөз қозғады.