«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

РАҚЫМШЫЛЫҚҚА ІЛІККЕНДЕР КӨБЕЙЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Жыл басынан бері елімізде шағын және орта бизнес субъектілер негізгі қарызын өтеген жағдайда өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейтін салықтық рақымшылық жүргізілуде. Жуырда салық төлеушілерден келіп түскен өтініштерге байланысты салықтық рақымшылыққа қатысатын тұлғалардың тізімі кеңейтілді. 

Қаржы министрінің “Жеке шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы” бұйрығына енгізілген түзетулер 2019 жылғы 26 тамыз күні күшіне енді. Ендігі кезекте, тексеру актісі бойынша есептелген сомалар шағым беру сатысында болуына байланысты 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі жоқ салық төлеушілер; тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау мерзімі келмеуіне байланысты 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша берешегі жоқ салық төлеушілер (30 жұмыс күні); алдыңғы салық кезеңдері үшін “DФНО” ұсынуына байланысты 2018 жылғы 1 қазаннан кейін берешегі пайда болған салық төлеушілер салықтық рақымшылыққа қатысатын тұлғалардың тізіміне кіреді.

– Қазіргі уақытта біздің облыста салықтық рақымшылық тізіміне енген 1849 тұлға бар. Олардың жалпы берешегі 3 042,8 млн. теңгені құрайды. Оның 1 649,2 млн. теңгесі өсімпұл. Дегенмен салық төлеушілердің 30,5 пайызы өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруды көздейтін салықтық рақымшылыққа ілікпей қалды. Себебі, кейбір кәсіпкерлік субъектілері әртүрлі себептермен жұмысын тоқтатса, кейбіреулері банкротқа ұшыраған, – деді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Сәлима Рамазанова. 

Салық берешегі туралы ақпаратты www.kgd.gov.kz сайтынан білуге болады. Интернет-ресурстағы “салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер” электрондық сервисіне кірген салық төлеуші жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) көмегімен борышын тексере алады. 

Сурет https://www.bygeo.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp