«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – ТҰРАҚТЫ НАЗАРДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында кезекті қоғамдық қабылдау өтіп, онда тұрғындар алаңдатқан мәселелерін айтты. Әсіресе, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жер дауы, баспана мәселесі, әлеуметтік көмек бойынша сауалдар көп болды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен басқарма басшылары, атқарушы органдардың өкілдері, өзге де жауапты тұлғалар тұрғындарды қабылдап, әр өтініш-тілекті ескерусіз қалдырмады. 

“Семей полигоны” қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Асхат Төлепберген ядролық сынақтың ортасында әскери борыштарын өтегендерді баспанамен қамту мәселесін көтерді. Өткен жылы қала басшылығының пәтермен қамтамасыз етеміз отырамыз деген уәдесі сөз күйінде қалған көрінеді. Сонымен қатар, ендігі жылы Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай облыс орталығында ескерткіш орнатылса деген тілектерін де жеткізді.

– Өңірімізде жыл сайын екі-үш үй салынып, пайдалануға берілуде. Келесі жылы тоғыз қабатты төрт үй салынатын болады. Ол үйлерден көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, соғыс ардагерлеріне, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға пәтер беріледі. Олардың қатарында сіздер де барсыздар. Аталған санаттағы тұрғындарды баспанамен толық қамтамасыз етуге бағытталған үйлер жыл сайын салынуда, – деген облыс әкімі Құмар Ақсақалов Семей полигонынан зардап шеккендердің арасынан пәтерге мұқтаждарын анықтап, тізім жасап қою керектігін айтты.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp