“Formula1” бойынша әлемнің жеті дүркін чемпионы Михаэль Шумахер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.
Өзін жайсыз сезінген атақты шабандоз Париж қаласындағы Жорж Помпиду атындағы аурухананың жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.
Михаэль Шумахер 2013 жылы тау шаңғысы трассасында құлағаннан кейін денсаулығы сыр беріп, үш ай комада жатқан болатын. Оның кейінгі жағдайы ашық айтылмаған.
Сурет https://www.euromag.ru сайтынан алынды.