«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АККАУНТТАР АШЫЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың борыш жүктемесін азайту бойынша ең өзекті мәселелерді түсіндіру мақсатында “Facebook” пен “Instagram” әлеуметтік желілерінде арнайы аккаунттар ашты. 

Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар https://www.facebook.com/Всё-о-снижении-долговой-нагрузки-103633851027565/ және https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk “Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы” аккаунттарына тіркеліп, ақпарат ала алады.

Бұған дейін борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсындағы http://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізіп, сұрау жіберу, “Электрондық үкімет” порталының басты бетінде орналасқан “Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру” электрондық сервисінің көмегі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 8 (717 2) 74-32-20, 8 (717 2) 75-01-79 және 8 (717 2) 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу және Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы өз мәртебесін тексеріп келген болатын.

Қазақстандықтар 11 қыркүйектен бастап мемлекет есебінен қарыздар мен шағын несиелері бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы консультацияны облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ және оның филиалдарынан, облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады.

Сурет http://smmnsk.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp