2018 жылға арналған мүлік және жер салығын төлеу мерзімі үстіміздегі жылдың 1 қазанында аяқталады.
Мүлік салығына жеке тұлғалардың меншігіндегі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрғынжайлар, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де ғимараттар жатады.
Петропавл қаласы бойынша 2018 жылға есептелген салық сомалары туралы хабарламаларды “Қазпошта” АҚ-ы филиалы бөлімшелерінің қызметкерлері жеткізіп береді. Немесе салық сомасы туралы ақпаратты www.nalog. integro.kz сайты (аты-жөні немесе ЖСН бойынша) және мәліметтерді басып шығару терминалдары (жеке куәліктегі чип бойынша) арқылы білуге болады. Олар мына мекенжайларда орналасқан:
“Семейный” сауда үйі – Сәбит Мұқанов көшесі, 53, Нұрсұлтан Назарбаев көшесі, 252;
“Сити Мол” сауда үйі – Шоқан Уәлиханов көшесі, 56;
“Рахат” сауда үйі – Қазақстан Конституциясы көшесі, 55;
“Евразия” сауда үйі – Интернационал көшесі, 63;
Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы (Жедел басқару орталығының ғимараты) – Кәрім Сүтішев көшесі, 56А.
Лилия ӘБІЛОВА,
Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.