Елордада спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы кубогының жеребесі тартылды.
Жарыс бағдарламасына бокс, дзюдо, қазақ, грек-рим, еркін күрес, таэквондо, қазақ күресі, каратэ-до сияқты спорт түрлері енді. Бәсекеде барлық өңірлердің спортшылары бақ сынайды. Жеребе нәтижесіне сәйкес 17 өңір төрт топқа бөлінді. Бұл сайыста “Қызылжар арландары” кәсіби спорт клубының балуандары өңір намысын қорғайды.
Жартылай финал мен ақтық кездесулер 7-8 желтоқсан күндері Алматы қаласында өтеді.
https://www.inform.kz..