«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНАН ҚАРЖЫ АЛУҒА БОЛА МА?

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Газетіміздің WHATSAPP желісіне Айыртау ауданындағы Николо-Бурлукское ауылының тұрғыны Айтолқын Қасеновадан хат келіп түсті. Ол бірыңғай жинақтаушы зейнетақы төлеміне қатысты кеңес сұраған.

“Менің жолдасым теміржолшы болып жұмыс істеді. Бірақ инсульт алғаннан кейін төсекке танылды. Қазір бірінші топтағы мүгедек. Жағдайы қиын, жүре алмайды. Мүгедектігі үшін берілетін жәрдемақы дәрі-дәрмектен артылмайды. Оның үстіне ай сайын төлейтін несиесі тағы бар. Жұбайымның зейнетақы қорына жиналған қаржысымен несие өтеуге мүмкіндігі бар ма? Осы мәселе бойынша бізге жауапты мамандар кеңес берсе екен”, – делінген хатта.
Оқырманымыздың бұл сұрағына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры облыстық филиалының маманы Бақытжамал Мырзабекова былайша жауап берді:
– Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы аясында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерi айқындалған. Науқастың мүгедектік мерзімі шектелмесе, аталған заң аясында зейнетақы қорына аударған салымнан ақша алуға болады. Мәселен, жинақ қорында 433296 теңгеден көп қаржы болса, барлық соманы бірден шешіп алу мүмкін емес. Онда салымшыға ай сайын қорда жинаған ақшасы бөліп төленеді. Егер жоғарыда көрсетілген сомадан кем болса, жинақты толық шешіп алуға болады. Бұл мәселе бойынша Саумалкөлдегі халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мамандардың көмегіне жүгіну қажет.
Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, құқық қорғау, кәсіпкерлік, тағы басқа да салалар бойынша шешімі табылмай жүрген мәселелеріңіз, көкейкесті сауалдарыңыз болса, 8-705-463-13-29 нөміріне WHATSAPP желісі арқылы хабарлама жолдай аласыздар.
Біз өз кезегімізде оқырмандарымызды толғандырған сауалдарды тиісті органдарға жолдап, олардың жауабын газет бетінде жариялайтын боламыз. Хабарлама мәтіні түсінікті жазылып, оны жолдаушының аты-жөні, мекенжайы толық көрсетілуі қажет.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp