Петропавл полицейлері манекендегі киімді ұрлаған күдіктіні ұстады. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жедел уәкілдердің назарына сауда үйінде сатушыларға білдіртпестен манекеннен көйлекті ұрлаған белгісіз жас жігіт түсіп қалған бейнежазба ілігеді. Полицейлер күдіктінің жүрген жерін анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 37 жастағы петропавлдық болып шықты. Аталған тұлға өз кінәсін мойындады. Ал құны 7000 теңгеден асатын көйлекті арзан бағаға сатып жіберіпті.
Қазіргі уақытта ұрланған зат иесіне қайтарылып, қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылды.
Сурет http://media.1777.ru сайтынан алынды.