Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті және Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Экоfest” шарасы өтті. Оған жастар ұйымдарының белсенді мүшелері мен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысатын серіктестіктің өкілдері қатысты.
“Қаланы бірге көркейтейік” ұранымен өткен шара барысында қатысушылар Есіл өзенінің облыс орталығының 20-шы шағынауданында орналасқан жағалауын қоқыс қалдықтарынан тазалауға арналған жұмыстарды атқарды.
– Біздің басқарманың мұрындық болуымен өңір тұрғындарының бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және адалдық пен инабаттылық қасиеттерді қалыптастыру бағытында айтарлықтай жұмыс жүргізілуде. Адамның еңбегін бағалау да парасаттылықтың бір белгісі. Осы орайда тазалықты сақтауға және қаланы көркейтуге арналған шара да осы мақсатты көздейді, – деді департаменттегі алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.
“Экоfest”-тің нәтижесінде қатысушылар барлығы 60 қап қоқыс қалдығын жинады.
Сурет https://www.inform.kz сайтынан алынды.