«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЙЫСТЫҢ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында “Ғылымдағы бастау” атты ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстардың VII халықаралық байқауы өтті. Оған әлемнің бірнеше елінен 2 мыңнан астам шәкірт қатысты. 

Қашықтықтан өткен сайыстың қатысушылары ішінде облыс орталығындағы №8 эстетикалық тәрбие беру мектеп-кешенінің 9 сынып оқушысы Анжелика Самосенкина да бар. Оның “Қоршаған әлем” атты ғылыми жұмысы бұл байқау кезеңінің қорытындысы бойынша бірінші орынға лайық деп танылды. 

– Мен бірнеше жылдан бері қағаз қалдықтарын қайтадан өңдеп, оларды кәдеге жаратумен айналысамын. Сайысқа жіберілген ғылыми жоба да осы тақырыпқа арналған. Басты мақсат – бұдан жасалатын экологиялық таза қағаз және картонның қоғамға пайдасын паш ету, – деді ол.
Халықаралық байқау кезеңінің жеңімпазы атанған шәкірт пен оның ғылыми жоба жетекшісі Дина Мәжітова қазан айында Сочи қаласында өтетін ғылыми-зерттеу конферециясына қатысуға дайындалуда.

 

http://petropavltv.kz,
Сурет https://ru.freepik.com сайтынан алынды.
 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp