Нұр-Сұлтан қаласында күрестен әлем чемпионаты өтуде. Жарыста әлемнің жүзден астам мемлекетінен келген мықты балуандар грек-рим, еркін және әйелдер күресінен белдесуде.
Жерлестеріміз сәтті өнер көрсетіп, екі жүлдеге қол жеткізді. Ел құрамасының намысын қорғаған спортшылардың ішінде Қорлан Жақанша 53 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде өткен белдесудің ақтық кезеңінде Грузияның балуаны Нугзари Цурцумияға жол беріп, күміс медальды еншіледі. Ал Алмат Кебіспаев 63 килограммға дейінгі салмақта қырғызстандық Тынар Шаршенбековті айқын басымдықпен жеңіп, қола жүлдені қанжығасына байлады. 31 жастағы қазақстандық балуан осымен үшінші рет жаһандық деңгейдегі жарыстың қола жүлдегері атанып отыр.
http://vesti.kz,
Сурет https://www.sports.kz сайтынан алынды.