«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АУРУ – АСТАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

 

 

Ботулизм – инфекциялық аурудың ауыр түрі. Бұл ауру ластанған тамақтан жұғады. Аурудың қоздырғышы адамның, жануарлардың және балықтардың ішек жолдарында болады. Ботулизм микробтары ұзақ уақыт сақталады. Жемістер мен көкөністерге, тамақ өнімдеріне, мал азығына немесе жануарлардың ішегіне түсіп (оттегі болмаған жағдайда) өседі және токсин құрайды. Ол күшті бактериялық у болып табылады. Сыртқы ортаның әсеріне төзімді және жарты сағат бойы қайнаған кезде ғана жойылады. 

 

Бұл токсиндер қауіпті. Оның дәмі мен түсін анықтау мүмкін емес. Ас қорыту ферменттерінің әсерінен ботулотоксиннің улы қасиеттері ондаған және жүздеген есе күшеюі мүмкін. Оның әсерінен жүйке жүйесі зақымдануы ықтимал. 

Көбінесе үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Тағамды дайындау технологиясы мен тазалық тәртібі сақталмаса, осындай аурулар туындайды.

Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды. Науқастың басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады, аузы құрғайды. Сонымен қатар көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айырылады (афония). Қанда оттегінің жетіспеушілігінен тыныс алу қиындайды. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Сондықтан осындай ауру белгілері анықталса, бірден дәрігерге қаралып, медициналық көмек алу қажет. Бұл орайда консервілерді белгіленбеген орындардан, гигиеналық талаптар сақталмаған жерлерден сатып алмау қажет. Көкөніс, жеміс-жидекті жуып жеу керек. Балық пен саңырауқұлақты пайдаланғанда да абай болған жөн.

Бахтияр ЖОРАБЕКҰЛЫ,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін

қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін 

бақылау департаментінің бас маманы.

Сурет https://headrnony.ru сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp