«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫНДА – ЖАҢА ӘКІМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен Аққайың ауданына әкім болып Рүстем Елубаев тағайындалды.

Рүстем Елубаев 1969 жылы 27 шілдеде бұрынғы Көкшетау облысы Қызылту ауданының Май ауылында туған. Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау ауыл шаруашылығы университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы Ленин ауданының «Май» кеңшарында тұқым өсіруші-агроном болып бастаған. Түрлі лауазымды қызметте, соның ішінде 2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, 2006 жылы Уәлиханов ауданының әкімі, 2007 жылы облыстық жер қатынастары басқармасының бастығы, 2009-2013 жылдар аралығында Аққайың ауданының әкімі және облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттар басқармасы жетекшісі болды. Осы тағайындауға дейін ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитарлық диагностика және болжау әдістемелік орталығы» облыстық филиалын басқарған. Жаңа әкімді аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов таныстырды.

https://www.inform.kz 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp