«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАЛАЛАР САЯХАТ ЖАСАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

“Абылай хан резиденциясы” мұражай-кешенінде дарынды балаларға мамандандырылған “ЛОРД” лицейі оқушыларының қатысуымен “дөңгелек үстел” өтті. Онда балалар туған өңірдің тарихымен кеңірек танысып, білімдерін толықтырды. 

Жазғы демалыс кезінде аталмыш білім ордасының оқушылары өңірдің киелі жерлер картасына енгізілген “Айғаным” қонысын, Иван Шухов атындағы мұражай мен “Байқара” ескерткішін аралаған. Жиын барысында олар осы саяхаттан алған әсерлері жайында әңгімелеп берді. “ЛОРД” лицейі директорының орынбасары Юлия Зайченко атап өткендей, балаларға патриоттық тәрбие беруде мұндай шаралардың маңызы зор. “Оқушылар киелі жерлерді жай ғана аралап қоймайды, алған әсерлері жөнінде шығарма жазып, зерттеу жұмыстарын қорғайды. Бүгінгі шара соның бір көрінісі”, – дейді ұстаз. 

Мектеп оқушылары Анна Зайченко мен Олеся Лемза сапар барысында алған әсерлерімен бөлісті. Олар енді Имантау-Шалқар демалыс аймағы мен Иван Шухов атындағы мұражай жайлы ізденістерін толықтырып, ғылыми жоба жазбақ. 

Оқу ордасының басшылығы келесі жылы киелі жерлерге баратын оқушылардың қатарын көбейтуді жоспарлап отыр. Келесі жазда балалар Ғабит Мүсірепов, Есіл және Тайынша аудандарында орналасқан киелі жерлерге аттанбақ. 

Сурет http://www.rah.kz сайтынан алынды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp