«Қазгидромет» РМК 17-19 қыркүйекке арналған ауа рай болжамын ұсынады. Иран аймағынан келетін жылы ауаның әсерінен республиканың оңтүстігінде жылы және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. «Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30°С дейін, кей жерлерде плюс 35°С дейін жоғарылайды.
Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді. Кей жерлерде жаңбырдың күтілуіне қарамастан, жылы болады, күндіз ауа температурасы плюс 20-28°С дейін жоғарылайды», – делінген хабарламада.
www.inform.kz