«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӨПТЕН КҮТКЕН ІРІ ЖЕҢІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

 

Бірінші лига командалары арасында өткен 20-шы тур барысында облыс орталығындағы “Қарасай” стадионында жергілікті “Қызылжар” футбол клубы “Екібастұз” командасымен кездесті. 

Бұл ойында ірі есеп тіркеледі деп ешкім ойламағаны анық. Солтүстікқазақстандықтар “Ақжайық пен “Жетісу Б” командаларымен болған кездесулердегі 0:0-ден кейін жанкүйерлерін қуантқысы келген сияқты. Бұл матчты жерлестеріміз сенімді бастады. Бірден қонақтарды өз қақпасына тықсырып, аздаған минуттарда екі-үш рет қақпаны көздеп те үлгерді. Бір құптарлығы, футболшыларымыз қорғаныс пен алаңның орта тұсында жүріп алмай, шабуылды үдете түсті. Ал, шабуылға шыққан команданың көздегеніне жетпей қоймайтыны белгілі. Сол сөзіміздің растығындай, ойынның 11-інші минутында қызылжарлық Максим Драченко есеп ашты. Алайда, бұл есеп ұзаққа бармады. Бірінші таймның 20 минутында Шота Григалашвили есепті еселей түссе, Максим Драченко 32 минутта дубльдің авторы атанды. Арада екі минут өтер-өтпестен Максим тағы да мергендік танытып, тепкен ала добы қарсыластың қақпасында тулады. 

Әдемі ойын өрнегін көрсеткен қызылжарлық команда ойыншылары ойынның екінші бөлігінде де шабуылды одан бетер үдете түсті. Осындай кезекті шабуылдардың бірінде гамбиялық легионер Момоду Сисей нысананы дәл көздеді. Артем Черединов те қарап қалмады, матчтың 70 және 80 минутта екі доп соғып, жергілікті жанкүйерлерді бір желпінтіп тастады. Бұл күні голды қарша боратқан қызылжарлық жігіттер 7:0 есебімен жеңді. 

Бұл жеңістен кейін жерлестеріміздің 42 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысына көтерілді. 

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp